Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Сәті енді түсті”: Роза Әлқожа су жаңа көлік алды

“Сәті енді түсті”: Роза Әлқожа су жаңа көлік алды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде жаңа көлік алғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұрынғы көлігі бірде жолда бұзылып, әбігерге салған. Содан бері көлігін ауыстырудың сәті енді түскенін жеткізді.

Роза Әлқожа автокөлік орталығының ұжымына алғыс айтты. Ал оқырмандары әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа көлігі құтты болсын деп тілек білдірді.

Айта кетейік, Мақсат Базарбаевтың 50 жас тойында қажылыққа жолдама ойнатылды. 

Роза Әлқожа кім?

Роза Әбдіразаққызы Әлқожа – қазақ эстрадасының әншісі, ақын әрі композитор. Ол 1981 жылы 1 қазанда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің өнер және мәдениет факультетін бітірген. Еңбек жолында “Ақ жол – Қазақстан” газетінің өнер бөлімінде жұмыс істеген.

Роза Әлқожа тыңдарманға “Мен сыйға тартқан орамал”, “Жылатқаның неткенің”, “Қара күз”, “Жүрек назы” әндерімен танылды. 2008 жылы оның “Мен сыйға тартқан орамал” атты алғашқы альбомы жарық көрді.