Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Көзге жас үйіретін сәт»: Димаштың анасы ұлының сүйікті шығармасын атады

«Көзге жас үйіретін сәт»: Димаштың анасы ұлының сүйікті шығармасын атады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының концертінен үзінді жариялады. Ол өзіне ерекше ұнайтын шығарманы атап, сол кеште қолдарына ақ ту ұстап келген жанкүйерлердің әрекеті жүрегін толқытқанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Айтбаеваның көңіліне жақын туынды – “Бір аспанның тарихы” (Requiem: The Story of One Sky). Ол концертке ақ ту алып келген Dears жанкүйерлерінің бұл қадамын бейбітшілікке үндеу деп қабылдаған.

“Әлемнің бір бұрышында соғыс жүріп жатса, екінші бұрышында бейбітшілікке шақырған үн естіледі… Бейбітшілікті қалайтын, өз қарсылығын үнсіз білдірген Dears жанкүйерлері концертке ақ ту ұстап келді. Ғажап көрініс, көзге жас үйіретін сәт…” – деп жазды Светлана Айтбаева.

Айта кетейік, Ырысбаланың бауырының тойында уыстап ақша шашқаны талқыға түсті. 

Димаш бұл туындыны үш жыл әзірлеген

“Бір аспанның тарихы” 2022 жылдың қыркүйегінде қысқаметражды музыкалық фильм ретінде жарық көрді. Туындының музыкасы мен сценарийін Димаш Құдайберген жазған. Әннің сөзін ақын Лилия Виноградова жазды. Жобаны әзірлеуге үш жыл кеткен.

Шығарма адамдарды соғыстан бас тартуға, ұлты мен дініне қарамастан, бірлік пен бейбітшілікті сақтауға үндейді. Айтбаеваның жазбасының астына жанкүйерлер “Бәрімізге бейбітшілік керек!”, “Димаштың дұғасы қабыл болсын” деп пікір қалдырған.

Димаш Құдайбергеннің “DiMENSIONS” әлемдік турнесі Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдерін қамтиды. 23 қарашада әнші Чилиге алғаш рет барды. Оны Сантьяго халықаралық әуежайында жергілікті жанкүйерлері қарсы алды.