Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын”: Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың сахналық киімін сынады

“Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын”: Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың сахналық киімін сынады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова “КешYOU” тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденованың сахнаға таңдаған киіміне пікір білдірді. Ол Меденованың жаңажылдық бағдарлама түсірілімінен жариялаған видеосының астына жазба қалдырған, деп хабарлайды ult.kz.

23 қарашада Instagram-ға жүктелген видеода Меденова денеге қонымды қара комбинезон киіп, сыртынан қызғылт қауырсынмен көмкерілген ұзын кардиган жамылған. 

“Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын”, – деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі Жүнісованың пікірін қолдаса, енді бірі Меденованың киімі өзіне жарасып тұрғанын жазды. Бір оқырман Жүнісованың сөзін әзілге бұрып, “Сіздің лосиніңіз сахнада хит болып жатыр ғой, әпкетай” деп пікір қалдырған. 
Айта кетейік, Роза Әлқожа су жаңа көлік алды. 

Айдана Меденова кім?

Айдана Меденова – Семейде дүниеге келген эстрада әншісі. Ол 2012 жылы “КешYOU” тобының негізгі құрамына қосылып, Жанар Дұғалова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге өнер көрсетті. 2015 жылы топтан кетіп, жеке әншілікке бет бұрды. 

Мақпал Жүнісова кім?

Мақпал Жүнісова – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, “Қазақконцерттің” солисі. Оның репертуарында “Екі жұлдыз”, “Баянның әні” және “Қазақтың ерке қызымын” секілді әндер бар.