Астанадағы Триатлон саябағы аумағында құрғақ шөпті өртеді деген күдікпен кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, деп хабарлайды ult.kz.
Куәгерлердің айтуынша, таңертең ерте саябақта ересектердің қарауынсыз жүрген төрт жасөспірім құрғақ шөпке от қойған. Өрт дер кезінде оқшауланып, салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.