Астанада саяхатшының велосипеді ұрланбаған болып шықты

Астанада саяхатшының велосипеді ұрланбаған болып шықты
видеодан скриншот

Астанада саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипеді ұрланды деген ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның хабарлауынша, велосипедтің ұрланғаны туралы департаментке ешқандай арыз түспеген.

Алайда әлеуметтік желіде велосипедтің ұрланғаны туралы бейнематериал жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін қысқа уақыт ішінде анықтаған.

Тексеру нәтижесінде ұрлық фактісі болмағаны анықталды. Велосипед саяхатшының құрбысында қалған.

Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.