Freedom Inside '26

Астанада бес баланы кастетпен аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер анықталд

Астанада бес баланы кастетпен аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер анықталд
видеодан скриншот

Оқиға 10 және 11 маусым күндері елорданың бір ауданында болған. Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, бір топ жасөспірім бірнеше баланы кезек-кезегімен соққыға жыққан. Шабуыл кезінде кастет қолданылған болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиғалардың бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Балалардың алған дене жарақаттары дәрігерлер тарапынан тіркелгеннен кейін, олардың ата-аналары құқық қорғау органдарына арызданған.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірім анықталып, полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу барысында кәмелетке толмағандардың бір-бірін бұрыннан танитыны белгілі болған.

Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.