Астана маңында аттан құлаған қыз ауруханада көз жұмды

Астана маңында аттан құлаған қыз ауруханада көз жұмды
Коллаж: видеодан кадр

Елорда маңындағы ат-спорт клубтарының бірінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 33 жастағы Астана тұрғыны Жазира Қызылбаева өмірден өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Ол бір айдан астам уақыт бойы ес-түссіз комада жатқан.

Оқиға шілде айының басында Целиноград ауданындағы «Атлант» ат-спорт клубында орын алған. Жақындарының айтуынша, марқұмның атқа міну тәжірибесі жеткілікті болған. Серуен кезінде асау жануар үркіп, бойжеткен атты тоқтата алмай қалған. Соқтығысу мен құлау салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын алды.

Дәрігерлердің емдеу шараларына қарамастан, науқас 13 тамыз күні ауруханада көз жұмды.