«Астана» баскетбол клубының жаңа құрамы таныстырылды

«Астана» баскетбол клубының жаңа құрамы таныстырылды

Жанкүйерлерге «Астана» Президенттік баскетбол клубының жаңа құрамы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» Президенттік баскетбол клубы үшін жаңа маусым басталғалы тұр. Клуб Нұр-Сұлтанның визит карточкасы әрі спортымыздың мақтанышы деуге болады. Сондықтан жаңа ойыншыларды қуана қарсы ала отырып, оларға үлкен үміт артамын», - дейді клубтың бас директоры Асқар Баталов.

Команданың жаңа құрамына ВТБ бірыңғай лигасының өткен маусымдағы үздік бапкері Эмиль Райкович басшылық етеді. Команда маусымға дайындалу үшін Литвадағы оқу-жаттығу жиынын өткізді.

«Астана» баскетбол клубы өткен маусымда ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Команданың жылдан-жылға жетіліп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанның барлық өңірінде баскетбол айтарлықтай дамығанын айтқым келеді. Ел ішінде чемпионаттар өткізіледі. «Астана» ел ішіндегі турнирлердің рекордсмені саналады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.