Асқабақтың пайдасы қандай: Мамандар күзде оны неге жиі жеуге кеңес береді?

Асқабақтың пайдасы қандай: Мамандар күзде оны неге жиі жеуге кеңес береді?
Асқабақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Асқабақ – күз мезгіліндегі ең пайдалы әрі қолжетімді өнімдердің бірі. Оның құрамында ағзаға қажетті дәрумендер мен микроэлементтер бар, ал калориясы салыстырмалы түрде төмен, деп хабарлайды ult.kz.

"Газета.Ru" мәліметінше, асқабақ калийге, С дәруменіне және басқа да пайдалы заттарға бай. Сонымен бірге ол жақсы тойдырады және күнделікті мәзірдегі көкөніс мөлшерін арттыруға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, 100 грамм шикі асқабақта небәрі 22 килокалория болады. Оның сарғылт түсі құрамындағы каротиноидтарға, соның ішінде бета-каротинге байланысты.

"100 грамм шикі асқабақтың құрамында небәрі 22 килокалория бар. Асқабақтың ерекше сарғылт түсі каротиноидтарға, ең алдымен, бета-каротинге байланысты. Ол адам ағзасында А дәруменіне айналуы мүмкін. А дәрумені көру қабілетінің, тері мен иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет", – деді техника ғылымдарының кандидаты Дмитрий Быстров.

Malim.kz жазуынша, асқабақтың дәні де пайдалы өнім саналады. Оның құрамында өсімдік ақуызы, пайдалы май қышқылдары, магний мен мырыш бар.

Өнімнің тағы бір артықшылығы – оны әртүрлі тәсілмен дайындауға болады. Асқабақты пісіруге, бұқтыруға, буға әзірлеуге, сондай-ақ сорпа мен ботқаға қосуға болады.

Қалыпты термиялық өңдеу кезінде асқабақ құрамындағы каротиноидтар айтарлықтай сақталады.

Сондықтан мамандар асқабақты күзгі рационға қосып, оның жұмсағымен қатар дәнін де пайдалануға кеңес береді.