Әскерден оралған жігіттің анасын емес сүйіктісін құшақтаған видеосы желіні шулатты

Әскерден оралған жігіттің анасын емес сүйіктісін құшақтаған видеосы желіні шулатты
Коллаж: ult.kz

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтен оралған сарбаздың теміржол вокзалында жақындарымен қауышқан сәті түсірілген видео кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Видеода жас жігіт анасының жанынан өтіп кетіп, алдымен сүйіктісіне барып, оны құшағына алады.

Бұл сәт желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әскери қызметтен оралған сарбаз ең алдымен анасымен амандасып, оны құшақтауы керек еді деген пікір білдірді.

Ал енді бір топ қолданушы қысқа видеодан асығыс қорытынды жасауға болмайтынын айтып, мұндай роликтер оқиғаның толық көрінісін көрсете бермейтінін еске салды.

Бейнеролик миллиондаған қаралым мен мыңдаған пікір жинап, отбасылық құндылықтар, ата-анаға деген құрмет туралы қызу талқылауға себеп болды.