Астанада мерзімді әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, екі жылдан астам уақыт өмірі үшін күрескен Ербаян Мұхтар соңғы сапарға аттанды, деп хабарлайды ult.kz.
Марқұмның жаназа намазы Шейх Құнта қажы мешітінде оқылды. Қоштасу рәсіміне туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ Ұлттық ұланның өкілдері қатысты.
Отбасының адвокаты Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың басынан өткен қайғылы оқиға қоғамның әскерге деген сеніміне әсер еткенін айтты.
«Осындай жағдайлардан кейін кім өз баласын әскерге жібергісі келеді? Мен ұлдарымның патриот болып өсіп, елін қорғайтын азамат болғанын қалаймын. Бірақ ол үшін мемлекетке сенуім қажет», – деді адвокат.
Еске салайық, Ербаян Мұхтар мерзімді әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт ем қабылдаған еді. Бұған дейін оның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.