Ақтөбеге жеткен пойызда жолаушы көз жұмды: жолсеріктер жұмыстан шығарылды

Ақтөбеге жеткен пойызда жолаушы көз жұмды: жолсеріктер жұмыстан шығарылды
Сурет ЖИ арқылы жасалған

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы Қандыағаш-Ақтөбе бағытындағы №691/692 пойызында болған қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz, bairaq.media-ға сілтеме қалдырып.

Компанияның мәліметінше, билеті жоқ жолаушы жол үстінде кенеттен қайтыс болған.
 
Оқиғадан кейін жүргізілген қызметтік тексеру барысында вагондағы кондиционердің қалыпты жұмыс істегені анықталған. Соған қарамастан, оқиғаға байланысты екі жолсерік пен пойыз бастығы қызметінен босатылған.

Алдын ала болжам бойынша, жолаушы екіжақты өкпе қабынуынан көз жұмған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын көліктегі полиция қызметкерлері тексеріп жатыр. Тергеу нәтижесінде қосымша ақпарат жариялануы мүмкін.