Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға кеше Қобда ауылындағы Щербаков көшесінде болған. ТЖД мәліметінше, тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді.
«Өрттің аумағы 96 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем және полиция бригадалары жұмыс істеді», – делінген хабарламада.