20 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер Қанат Исмаил өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол баланы небәрі 15 минут қарап, қажетті тексерулерді тағайындаған. Кейін ауысымы аяқталғандықтан, науқасты кезекші дәрігерлерге тапсырған, деп хабарлайды ult.kz.
Дәрігер баланың ота жасалуына қатыспағанын да мәлімдеді.
Қанат Исмаилдың сөзінше, науқастың жағдайын түсіндіруге тырысқан кезде баланың әкесі оған шабуыл жасаған.
Дәрігер бұл оқиғадан кейін кәсіби қызметін жалғастыру моральдық тұрғыдан қиынға соғып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен атқарған еңбегі бір сәтте жоққа шығарылғандай сезінген.
Айта кетейік, дәрігерге шабуыл жасаған әке қамауға алынды.