Қазақстанда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

Қазақстанда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды
ашық дереккөз

Қазақстанда биылғы тоғыз айда заң талаптарын бұзған 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Комитет 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы бақылау және қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады.

Тексеру барысында заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдар анықталған. Осыған байланысты аумақтық департаменттер олардың лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастаған.

Нәтижесінде 78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды.

Министрлік бұл шаралар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауын бақылауға және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.