Маңғыстау облысында Ақтаудағы барлардың бірінде келушілер арасында болған жанжалдан кейін атыс ұйымдастырған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.
Оқиға Ақтаудың 7А шағынауданында орналасқан барлардың бірінде болған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған оқиғаның видеосы тараған еді. Кадрларда ер адамға «Аңшы сигналы» деп аталатын іске қосу-сигнал беру құрылғысынан бетіне оқ атылғаны көрінеді. Салдарынан жәбірленуші жарақат алған.
Оқиға бойынша полиция бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғаған.
Тамыз айының соңында тергеу аяқталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша іс сотқа жолданғаны хабарланған болатын. Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.