Freedom Inside '26

Ақтауда 20 келіге жуық марихуана тәркіленді

Ақтауда 20 келіге жуық марихуана тәркіленді
kas.clinic

Маңғыстау облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 20 келіге жуық марихуана тәркіленіп, аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

«Қарасора» және «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚК департаментімен бірлесіп арнайы операция өткізді.

Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен азамат ұсталды.

Тергеу барысында күдіктінің пайдаланған қоймасынан өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткілер мен оларды қолдануға арналған құрылғылар табылған.

Жедел шаралар барысында бұл іске қатысы болуы мүмкін тағы бір азамат қолға түсті.

Сот-сараптама қорытындысы тәркіленген заттың марихуана екенін растады. Оның жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшер санатына жатқызылған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір құқық қорғау органдары есірткінің жеткізу арналары мен қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.