АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 2026 жылғы 5 маусымда федералдық ведомстволардың қолдауымен жүргізілген арнайы операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады. Бұл туралы Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап ult.kz хабарлайды.
ICE мәліметінше, өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.
Хабарланғандай, ер адам террорлық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты қамауға алынған. Сонымен қатар оған қатысты АҚШ аумағынан шығару жөніндегі түпкілікті шешім күшінде қалып отыр.