АҚШ-та Қазақстан азаматы Еламан Балтагерей терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Операцияны АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы іс-шара барысында жүргізген, деп хабарлайды ult.kz.
Ведомство мәліметінше, өткен жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты оны елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда азамат сот отырысына қатыспаған, бұл да қосымша құқықтық негіз ретінде көрсетілген.
Құзырлы органдардың хабарлауынша, ер адамға террорлық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты қамауға алу шарасы қолданылған. Қазіргі таңда оған қатысты АҚШ аумағынан шығару туралы бұрынғы сот шешімі күшінде тұр.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатында, Чикаго маңында із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.