Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

АҚШ-та лотереядан 1 миллион доллар ұтқан мигрантты қамауға алды

АҚШ-та лотереядан 1 миллион доллар ұтқан мигрантты қамауға алды
ашық дереккөзден

ҚШ-тың Бостон қаласында лотереядан 1 миллион доллар ұтқан Сальвадор азаматы Ариэль Веласкес-Моралес қамауға алынды. Ер адам ұтысын алу үшін жеке суретін жариялағаннан кейін иммиграциялық қызметтің назарына іліккен, деп хабарлайды ult.kz.

Ариэль Веласкес-Моралес Бостондағы супермаркеттердің бірінен 10 долларға лотерея билетін сатып алған. Нәтижесінде ол 1 миллион доллар көлеміндегі жүлдені жеңіп алған.

Алайда АҚШ лотереяларында ірі ұтыстарды бірден емес, бірнеше жыл бойы бөліп төлеу қарастырылған. Жеңімпаз ақшаны бірден алуды таңдаса, оған салыққа дейінгі соманың белгілі бір бөлігі ғана беріледі. Веласкес-Моралес біржолғы төлемді таңдағандықтан, оның шотына салық ұсталмай тұрып 650 мың доллар аударылған.

Лотерея ұйымдастырушылары жеңімпаздың суретін символикалық чекпен бірге жариялағаннан кейін оған АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) назар аударған. Бірнеше күннен соң ер адам қамауға алынған.

Қызмет өкілдері оның ұсталғаны туралы хабарлап, «Бұл жолы жолы болмаған сияқты» деген пікір білдірген.

Ведомствоның мәліметінше, Веласкес-Моралес 2013 жылы АҚШ аумағына заңсыз кірген. Ал 2014 жылы иммиграциялық сот оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Алайда ол АҚШ-та қалып қойған.

Қазір ер адам қамауда отыр. Алдағы уақытта оны елден депортациялау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Массачусетс штатындағы лотереяға қатысу үшін АҚШ азаматтығы немесе заңды көші-қон мәртебесі талап етілмейді. Сондықтан ер адамның ұтысын сақтап қалу мүмкіндігі де қарастырылуы ықтимал.