«Қазгидромет» мамандары 30 қарашада Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс өңірлерде қалың қар жауса, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын мол түседі деп күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Еліміздің батысында түнде ауа температурасы –5…–12 градус, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында –10…–18 градус шамасында болады. Шығыс өңірлерде сынап бағанасы –7…–12 градусқа дейін төмендесе, таулы аудандарда –20 градусқа дейін аяз күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
Астанада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде –11…–13, күндіз –8…–10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі. Түнде +1…+3, күндіз +5…+7 градус жылы болады.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +8…+10 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға алыс жолға шықпас бұрын дауылды ескертулерді қадағалап, сақтық шараларын ұстанған жөн.