Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады ult.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру белсенділігі өңірлер бойынша әртүрлі көрсеткішке ие болды.
Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 77,58 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ Ақтөбе облысында – 75,69%, Жетісу облысында – 74,09%, Қызылорда облысында – 71,58% көрсеткіш тіркелді.
Басқа өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:
Абай облысы – 68,22%;
Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;
Жамбыл облысы – 61,92%;
Маңғыстау облысы – 61,86%;
Алматы облысы – 60,41%;
Павлодар облысы – 60,23%;
Қостанай облысы – 57,14%;
Қарағанды облысы – 56,42%;
Ақмола облысы – 56,08%;
Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;
Ұлытау облысы – 54,61%;
Атырау облысы – 54,16%.
Ал қалалар арасында дауыс беру белсенділігі бойынша көрсеткіштер мынадай болды: Астана қаласында – 42,92%, Шымкентте – 44,72%, Алматыда – 37,70%.
Орталық сайлау комиссиясы бұл деректердің сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ұсынылған алдын ала мәліметтер екенін атап өтті.