Мьянманың Таунджи қаласында өткен жарық фестивалі кезінде пиротехника тиелген әуе шары өртеніп кетті. Отшашулар белгіленген уақыттан бұрын жарылып, көрермендердің үстіне шашылған. Оқиға салдарынан 16 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақатын алды, деп хабарлайды ult.kz.
Отшашулардың жарылуы салдарынан көрермендер арасында дүрбелең туындаған. Адамдар қауіпсіз жерге қарай жаппай қашқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, медициналық көмекке шамамен 120 адам жүгінген. Олардың бірқатары пиротехникалық бұйымдардан жарақат алса, енді бір бөлігі адамдардың жаппай қозғалысы кезінде зардап шеккен. Сондай-ақ кейбір тұрғындар тыныс алудың қиындауына шағымданып, есінен танып қалған.
Айта кетейік, Таунджи қаласында биыл пиротехникаға байланысты тағы бір қайғылы оқиға болған. Қазан айында фестивальге дайындық барысында оқ-дәрі жарылып, 13 жастағы жасөспірім қаза тапқан. Тағы бес адам жарақат алған.