Елордадағы Абылай хан даңғылында үш маршруттық автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада үш қоғамдық көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға Абылай хан даңғылында тіркелген.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан Iveco автобусына соғылған.
Соққының салдарынан Iveco автобусы инерциямен қозғалып, көлік ағынында келе жатқан дәл осындай маркалы тағы бір автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Iveco автобусындағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.