Қарағанды облысында бір тәулікке жуық уақыт хабар-ошарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды. Оны іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды, деп хабарлайды ult.kz.
28 қарашада 1985 жылы туған әйел Қарағанды қаласынан жолай көлікпен Изенді ауылына қарай жолға шыққан. Алайда содан кейін жақындарымен байланысқа шықпай, із-түзсіз кеткен.
Әйелді іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді. Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, полиция өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен кинологиялық топтар да пайдаланылды.
29 қараша күні таңертең іздеу тобы жоғалған әйелді жергілікті тұрғынның шөп сақтайтын қорасынан тапты.
Мамандардың мәліметінше, әйелдің медициналық көмекке мұқтаждығы болмаған.