Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды

Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде отбасында болған қиындықтар туралы айтып, жүрегінде сақталған ауыр естелігімен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің сөзінше, әкесі отбасында ұл баланың дүниеге келмегеніне көңілі толмай, ашуын әйелі мен балаларына көрсеткен. Үйдегі жиі жанжал мен күш көрсету оның балалық шағындағы ең ауыр естеліктерінің біріне айналған.

Әнші мұндай жағдайдың бала психологиясына айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, зорлық-зомбылықтың тікелей құрбаны болмаған бала отбасыдағы жанжалдың куәсі ретінде де психологиялық жарақат алуы мүмкін.

Ақбота Керімбекова адамның сырт көзге көңілді әрі бақытты көрінгенімен, оның ешкімге айта бермейтін ауыр өткені болуы мүмкін екенін жеткізді.

Осы орайда әнші отбасындағы өзара сыйластық пен жылы қарым-қатынастың маңызын атап өтіп, балалардың жанында жанжал мен күш көрсетуден аулақ болу қажет екенін меңзеді.