Ақбаян Мұқанғалиеваның еміне ақша жиналып жатқаны белгілі болды

Ақбаян Мұқанғалиеваның еміне ақша жиналып жатқаны белгілі болды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әлеуметтік желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның туысы Ақбаянның денсаулығына байланысты қаржылай көмекке мұқтаж екенін жеткізді. Ол емделуге қаражат жиналып жатқанын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Ақбаян Мұқанғалиеваның Instagram желісіндегі сторисінде емге 500 мың теңге жиналғанын мәлімдеді. Сонымен қатар емделуге әлі де қаржылай қолдау қажет екенін айтты.

"Ақбаян еміне 500 000 теңге жиналды. Қаржылай көмек керек", – делінген жарияланған жазбада.

Жазбада емделуге қажетті жалпы қаражат көлемі мен жиналған сомадан бөлек тағы қанша ақша керектігі көрсетілмеген.

Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның туысы әсерлі жазба жариялады.

Ақбаян Мұқанғалиева кім?

 Ақбаян Мұқанғалиева – Атырау облысының Жангелдин ауылында болған, төрт адамның өмірін қиған қылмыстық оқиғадан кейін көпшіліктің назарына іліккен бес баланың анасы.

Оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаянның ата-анасы мен екі бауырын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Тергеу барысында Ақбаянның бұл қылмысқа қатысы жоқ екені анықталып, оған қатысты қозғалған іс тоқтатылды.

Қайғылы оқиғадан кейін Ақбаян психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Кейін ауруханадан шығып, жақындарының қамқорлығына оралды.

Қазір оның басты арманы – денсаулығын қалпына келтіріп, уақытша арнайы мекемелерге орналастырылған бес баласын өз тәрбиесіне алу.