Анна Данченко Президенттің қолынан марапат алды

Анна Данченко Президенттің қолынан марапат алды
Ақорда

Анна Данченко мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Данченко марапатты ең алдымен өмірге әкеліп, тәрбиелеген ата-анасына арнайтынын айтты. Оның сөзінше, бүгінгі жетістігінің артында әке-шешесінің батасы, сенімі мен махаббаты жатыр.

«Бұл марапат — мені тәрбиелеген қазақы ортаның, бойыма сіңген ұлттық тәрбиенің, жүрегіме жақын қазақ тіліне деген шексіз құрметімнің де жемісі», — деп жазды ол.

Сондай-ақ Анна Данченко қазақ тілі өзі үшін жай ғана қарым-қатынас құралы емес, болмысының бір бөлігі екенін атап өтті.

Ол марапатты үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын айтып, елі мен халқына алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: Анна Данченко перзенттік парыз туралы айтты