“Анам қайнысымен шаңырақ көтерді”: Мұхамеджан Тазабек отбасына қатысты құпияны жайып салды

“Анам қайнысымен шаңырақ көтерді”: Мұхамеджан Тазабек отбасына қатысты құпияны жайып салды
Фото: әлеуметтік желі

Айтыскер ақын, психолог және қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабек әке орнын басқан ағасының 70 жасқа толуына орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, әкесі өмірден өткеннен кейін анасы туған қайнысы Бақытжанмен қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша шаңырақ көтерген.

«Бүгін әке орынындағы әкем, анамның жары, немерелерінің атасы, шөберелерінің бабасы — Бақытжан тәтем (Таразда көкені “тәте” деп айтамыз) 70 ке толып жатыр. Марқұм әкем өмірден өткесін, анам жесір қалады. Көп өтпей, үлкендердің ұйғарымы, екі жақтың батасы, жүректердің қалауымен туған бауыры әмеңгерлікпен ақ некесін қиып алады. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт әке орынына бізге әке боп, өз кіндігінен де ұрпақ өрбітіп, шаңырағымыздың отағасы боп келеді. Енді міне, әулетіміздің де ақсақалына айналды», — деп жазды ол.

Сондай-ақ қоғам белсендісі Бақытжан ақсақалдың өздерін ешқашан алаламағанын, барлық бастамасына қолдау көрсетіп, анасымен тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқанын атап өтті.