Алматыдағы РФММ-де 48 оқушы ауруханаға түсті: дәрігерлер жағдайын айтты

Алматыдағы РФММ-де 48 оқушы ауруханаға түсті: дәрігерлер жағдайын айтты
almaty.fizmat.kz

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы жіті ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Тағы алты бала интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 12-14 қазан аралығында ауруханаға түскен. Қазір олардың жағдайы тұрақты, реанимациялық көмек қажет болған жоқ. Барлық оқушыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғадан кейін мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық талдауға сынамалар алды.