Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматылық полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04: 00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.

Айта кетейік, олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен.