Алматыда вирус жұққан тағы бір адам қайтыс болды. Елде 10 науқас көз жұмды

Алматыда вирус жұққан тағы бір адам қайтыс болды. Елде 10 науқас көз жұмды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуір 20.15-тегі дерегіне сай, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқас қайтыс болды.

Министрлік елде тағы алты адамнан (Атырау облысында екеу, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысында бір-бір адамнан) коронавирус табылғанын хабарлады.

Елде қазір 808 адамнан вирус анықталды. 10 адам қайтыс болды. 64 адам дерттен айықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 29 наурыз – 9 сәуір аралығында елде коронавирустың тарауы 29 пайыздан 7 пайызға дейін азайған. Қазір ауруханада жатқандардың арасында 18 адамның халі ауыр. Министрліктің есебінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 21 мыңдай адам анықталып, олардың 99 пайызы оқшауланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты елде жариялаған төтенше жағдай уақытын 30 сәуірге дейін созды.