Алматы қаласының Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетінде КСРО Халық артисі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды ult.kz.
Мурал тұрғындардың әкімдікке жолдаған өтініші негізінде салынды. Осыдан кейін көркем нысанды жасау жұмыстары ұйымдастырылды. Жобаның маңызын арттыра түсетін ерекше жайт — Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрғаны. Енді ғимарат қасбеті ұлы өнер иесіне деген құрмет пен тағзымның белгісіне айналды.
Жобаны дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысты. Ол муралға жоғары баға беріп, жоба авторларына алғыс айтты.
Енді Халық артисінің бейнесі халық жадында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілік көрініс тапты.