Алматыда кабельдер зақымданып, троллейбустар жүрмей жатыр

Алматыда кабельдер зақымданып, троллейбустар жүрмей жатыр

Алматы тұрғындары троллейбустардың жүруіне шағымдана бастады. Жолаушылардың наразылығына «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жолаушылар, №8 подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады», - деп жазды «Алматыэлектротранс» ЖШС Facebook -тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бағдары толық жабық болады.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.