Алматының Бостандық ауданында автобус жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. 30 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы жағдай кеше Мұстафин көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Осы кезде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір анықтау органы апаттың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.