Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде полиция қызметкерлері алдағы концертке билет сататынын айтып, интернетте хабарландыру жариялаған жас жігітті анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Тексеру барысында оның әрекетінің заңсыз екені белгілі болды. Құқық қорғау органдары күдіктінің алаяқтық әрекетінің алдын алып, оның ешкімді алдап, ақша алып үлгермегенін мәлімдеді.
Осыған байланысты полиция тұрғындар мен қала қонақтарына концерт билеттерін тек ресми платформалар мен сенімді сервистер арқылы сатып алуға кеңес берді. Сондай-ақ бейтаныс адамдардың есепшотына ақша аудармауға және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды.