Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды

Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды


Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

"Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс "ізі суымай" ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды", - деді Әбдірахманов.

Қылмыс жасалған қару тәркіленген. Кісі өлтіру себебі анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі Полиция департаменті бақылауында.

Фото: t.me/abdrakhmanovlive