Алматыда төленбеген айыппұлдары көп көліктерді анықтау бойынша рейд барысында 20-дан астам көлік ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Әкімшілік полицияның мәліметінше, соңғы бес күнде айыппұл қарызы едәуір көлемге жеткен көліктер анықталып, арнайы тұраққа қойылған. Олардың басым бөлігі шетелдік тіркеуде болған. Қазақстандық нөмірлі көліктер де бар.
Ең ірі қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігіне тиесілі. Оның иесінің төленбеген айыппұлдары 1,7 млн теңгеден асқан.
Көліктер ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Полиция төленбеген айыппұлдар жойылмайтынын ескертті. Қарыз көлемі ұлғайған жағдайда көлік заңнамаға сәйкес уақытша ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілуі мүмкін.