Алма-Арасанда ер адамды ажалдан арашалап қалды: құтқару сәті видеоға түсті

Алма-Арасанда ер адамды ажалдан арашалап қалды: құтқару сәті видеоға түсті
видеодан скриншот

Алма-Арасан аумағында тау өзеніне құлаған ер адамды азаматтар құтқарып қалды. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрларда ер адамның ағысы қатты өзеннің аса қауіпті бөлігіне түсіп кеткені көрінеді. Ол суға батып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

Сол маңда болған бірнеше ер адам бірден көмекке келген. Олар адам тізбегін құрып, өзенге жақындап, ер адамға жеткен. Осылайша оны судан аман алып шыққан.

Оқиға, болжам бойынша, Алма-Арасан шатқалында болған.