GAC автомобиль бренді Қазақстандағы дамуының жаңа кезеңін бастады. Брендтің ресми дистрибьюторы ретінде Allur автомобиль компаниясы тағайындалып, Қостанайдағы өз зауытында GAC автокөліктерін шығаруды іске қосты.
Зауытта GAC брендіне тиесілі GS4 Max, GS8, S7, M8, Empow және GS3 модельдері құрастырылады. Ал GAC S7 – брендтің Қазақстанда құрастырылған алғашқы гибридті моделі. Бұл көлік электромобильдің заманауи технологияларын дәстүрлі автомобильдің алыс сапарларға қолайлылығымен үйлестіреді.
GAC бренді 70 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Компания Toyota және Honda сияқты әлемдік жетекші автоконцерндермен ынтымақтастық барысында жинақтаған инженерлік тәжірибесін өз инженерлік мектебінің негізіне айналдырған. Бүгінде GAC автомобильдерінде Aisin автоматты беріліс қорабы, BorgWarner Haldex толық жетек жүйесі, сондай-ақ Bosch, Denso және Huawei компанияларының электрондық компоненттері қолданылады.

Дәстүрлі таныстырылымның орнына тест-драйв
Жаңа модельдің жабық тест-драйв таныстырылымы Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында өтті. Дәстүрлі көрсетілімнің орнына журналистерге көлікті түрлі жағдайларда сынап көру мүмкіндігі берілді.
Ол үшін тік өрлеулер мен еңістерден, диагональды еңкею учаскелерінен, борпылдақ жабынды жолдардан және жасанды кедергілерден тұратын арнайы трасса әзірленді. Бұл маршрут толық жетек жүйесінің мүмкіндігін, аспаның жұмысын және автомобильдің асфальттан тыс жердегі жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік берді.
Мұндай формат кәдімгі қалалық сынақтан әлдеқайда әсерлі болды, өйткені көліктің әртүрлі пайдалану жағдайларындағы мүмкіндіктерін толық сезінуге жағдай жасады.
Ымырасыз тізбекті гибрид
GAC S7 моделінің басты ерекшелігі – тізбекті гибридті күштік қондырғысы. Көптеген гибридтерден айырмашылығы, мұнда бензин қозғалтқышы дөңгелектерді қозғалысқа келтірмейді. Оның негізгі міндеті – ықшам электр станциясы ретінде жұмыс істеп, қозғалыс кезінде тартқыш батареяны электр энергиясымен қамтамасыз ету. Ал көлікті толықтай электр қозғалтқыштары жүргізеді.
Мұндай шешім электромобильге тән тыныштықты, бірқалыпты қозғалысты және жедел үдеуді зарядтау инфрақұрылымына тәуелді болмай ұзақ жол жүру мүмкіндігімен үйлестіреді.
Толық жетек (AWD) жүйесі көліктің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді. Ал 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа дейінгі үдеу уақыты – 6,1 секунд.
Жүйені сыйымдылығы 36,3 кВт·сағ болатын Magazine 2.0 литий-темір-фосфатты аккумуляторы қуаттандырады. Бұл батарея жоғары термотұрақтылығымен және көпдеңгейлі қорғаныс жүйесімен ерекшеленеді.
Электр қуатымен кроссовер 153 шақырымға дейін жүре алады, ал жалпы жүріс қоры 781 шақырымға жетеді. Жылдам қуаттау режимінде батареяның қуатын 30 пайыздан 80 пайызға дейін шамамен 18 минутта толықтыруға болады.
Батарея толық разрядталған жағдайда да гибрид өзінің үнемділігін сақтайды – мәлімделген отын шығыны 100 шақырымға шамамен 7 литрді құрайды.

Бизнес-класс деңгейіндегі жайлылық
Спорттық сипаттамаларына қарамастан, S7 ең алдымен жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығына бағытталған.
Тіпті базалық жабдықталымның өзінде панорамалық шатыр, қосымша дыбыс оқшаулауы және Nappa былғарысымен қапталған салон қарастырылған.
Алдыңғы және артқы орындықтар жылыту, желдету және массаж функцияларымен жабдықталған. Кең екінші қатар ұзақ сапарларда да жоғары жайлылық ұсынады. Орындықтардың арқалығының көлбеу бұрышы реттеледі, ал ең жоғары ULTRA нұсқасында алдыңғы жолаушыға арналған оттоманка қарастырылған.
Практикалық тұрғыдан алғанда да модельдің артықшылықтары бар. Жүксалғыш көлемі – 720 литр, ал екінші қатардағы орындықтар жиналған кезде 2050 литрге дейін ұлғаяды.
Интеллектуалды жарықтандыру жүйесі
Көліктің сыртқы дизайнындағы ең көзге түсетін элементтердің бірі – Skyline фирмалық жарық жолағы.
ULTRA нұсқасында 2248 тәуелсіз жарықдиодтан тұратын интеллектуалды LED-оптика қолданылады. Оны жасанды интеллект басқарады.
Жүйе қозғалыс жылдамдығына, жол жағдайына және ауа райына қарай жарық ағынын автоматты түрде реттейді, сондай-ақ түрлі жарықтандыру сценарийлерін қолдайды.
Заманауи технологиялар мен қауіпсіздік
Көліктің цифрлық экожүйесіне диагоналі 15,6 дюйм болатын мультимедиялық экран жауап береді. Ол Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайды.
Сонымен қатар автомобиль цифрлық аспаптар панелімен, 21 динамикті аудиожүйемен, қуаты 50 Вт сымсыз зарядтау құрылғысымен және заманауи қосылу интерфейстерімен жабдықталған.
Сондай-ақ жүргізушіге арналған интеллектуалды көмекші жүйелер кешені мен белсенді қауіпсіздік жүйелері қала ішінде де, тас жолда да жүргізуді барынша қауіпсіз әрі жайлы етеді.
Жабдықталымы мен бағасы
Қазақстанда Қазақстанда құрастырылған GAC S7 екі нұсқада ұсынылады.
MAX жиынтығының бағасы – 19 490 000 теңге. Бұл нұсқаға панорамалық шатыр, автоматты жарықдиодты оптика, премиум әрленген салон және жайлылыққа арналған көптеген жүйелер кіреді.
ULTRA жиынтығы 21 490 000 теңге тұрады. Ол интеллектуалды матрицалық LED-оптикамен, есіктердің электр жетегі және автоматты жабу жүйесімен, жасанды күдерімен қапталған төбемен және кеңейтілген жабдықталыммен ерекшеленеді.
Сатып алушыларға кузовтың алты түсі ұсынылады: Crystal White, Green Jungle, Black, Obsidian Black, Gray және екі түсті White/Black. Ал салонды Black-Brown, Brown-Beige немесе Black-Gray түстерінің бірінде таңдауға болады.
Өндіруші жоғары вольтты аккумуляторға 8 жыл кепілдік береді. Бұл компанияның гибридті технологиясының сенімділігіне деген сенімін көрсетеді.


