Freedom Inside '26

Алғашқы триллионер: Илон Маск адамзат тарихындағы ең бай адам атанды

Алғашқы триллионер: Илон Маск адамзат тарихындағы ең бай адам атанды
founder.ua

Илон Маск әлем тарихындағы алғашқы триллионер атанды. Бұл көрсеткішке оның SpaceX компаниясының IPO нәтижесінде қол жеткізілгені белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.

Reuters.com порталының жазуынша, SpaceX алғашқы жария акция орналастыруы барысында 75 миллиард доллар инвестиция тартып, компания құнын айтарлықтай өсірді. Нәтижесінде Масктың жалпы байлығы 1,1 триллион доллардан асып, жаңа қаржылық рекорд орнатты.

Бұған дейін сарапшылар кәсіпкердің байлығын шамамен 780 миллиард доллар деп бағалаған. IPO-дан кейін оның SpaceX-тегі үлесінің құны 866 миллиард долларға жеткен.

Масктың негізгі активтерінің қатарында Tesla, X, Neuralink және The Boring Company бар.

Сарапшылардың пікірінше, кәсіпкердің ықпалы электр көліктері, ғарыш технологиялары, жасанды интеллект және әлеуметтік медиа салаларын қамтиды. Сонымен бірге оның компаниялары корпоративтік басқару мен саяси белсенділікке қатысты сынға да жиі ұшырап келеді.

Соған қарамастан инвесторлардың сенімі мен технологиялық жобалардың қарқынды дамуы Маскты адамзат тарихындағы алғашқы ресми триллионер ретінде тіркеуге мүмкіндік берді.