Аюмен айқасып тұрған сәтте найзағай соқты: Әскеридің аман қалған оқиғасы жұртты таңғалдырды

Аюмен айқасып тұрған сәтте найзағай соқты: Әскеридің аман қалған оқиғасы жұртты таңғалдырды
max.ru/channel_KhubezovD

Ресей Федерациясының құрамындағы Алтай өлкесінде болған ерекше оқиға жұртты таңғалдырды. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әскери қызметкердің аюмен бетпе-бет келіп, дәл сол сәтте оған найзағай түскеніне қарамастан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Шенеуніктің сөзінше, әскери атпен келе жатып, соңынан аю қуып келе жатқанын байқайды. Ол алдымен атын байлап, жыртқышқа қарсы тұруға тоқтаған. Алайда дәл осы сәтте оған найзағай түседі.

Оқиғадан кейін әскери сал болып, денесінің тек бір қолы ғана қозғалған. Соған қарамастан, ол үстіндегі атты өзінен ысырып тастап, қолындағы мылтықпен аспанға оқ атып, қаруын қайта оқтай отырып, аюды үркітіп жібереді. Кейін қауіпсіз жерге дейін еңбектеп жеткен.

Ең таңғаларлығы – министрдің айтуынша, әскери жүрегі тоқтап қалған сайын өзіне өзі жүрекке жанама массаж жасап отырған. Соның арқасында ол тірі қалып, ажалдан аман шыққан.

Алайда бұл оқиғаға қатысты тәуелсіз медициналық растау немесе ресми қорытынды жарияланған жоқ. Сондықтан әзірге айтылған мәліметтер Алтай өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігі басшысының сөзіне негізделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апаты: Жәбірленуші моральдық шығын 100 миллион теңге сұрады