Алматы қалалық соты биыл наурыз айында Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша берілген апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды ult.kz..
Апелляциялық шағымды жол апатынан қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі түсірген. Ол моральдық шығын көлемін 100 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.
Алайда апелляциялық сот алқасы жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы сот шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды.