Әділет Зейнелдің анасы өтемақы туралы сөз қозғады (ВИДЕО)

Әділет Зейнелдің анасы өтемақы туралы сөз қозғады (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, аталған қаражат мемлекеттен төленген өтемақы емес, марқұмды ақтық сапарға шығару үшін халық тарапынан жиналған ақша болған.

Әйелдің сөзінше, жиналған қаржының шамамен 10 миллион теңгесі кепілде тұрған Ұлдананың көлігіне рәсімделген автонесиені өтеуге бағытталған. Қалған қаражаттың бір бөлігі марқұмның анасы мен әпкесіне беріліп, жерлеу рәсімі мен ас беру шығындарына жұмсалған.

«Отбасымыздың жеке қажетіне бір тиын да кеткен жоқ. Барлық чек пен түбіртек өзімде бар», – деді ол.

Сондай-ақ ол көліктің Ұлдананың ата-анасына тапсырылғанын, ал Әділетке марқұмның 2,3 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы жинағы ғана аударылғанын айтты.

Әділет Зейнел де өз мәлімдемесінде отбасының ешқандай мемлекеттік өтемақы алмағанын және баспана талап етпегенін жеткізді.

«Ешқандай өтемақы алған жоқпыз әрі талап та етпедік. Өз пәтерім бар, ешкімнен ештеңе сұраған емеспіз», – деді ол.