Freedom Inside '26

56 жастағы ер адам 8 жастағы қызға тиісіп, өз үйіне әкетуге тырысқан

56 жастағы ер адам 8 жастағы қызға тиісіп, өз үйіне әкетуге тырысқан
Коллаж: ult.kz

56 жастағы ер адам үйіне кетіп жатқан 8 жастағы қызға тиісіп, өз үйіне әкетуге тырысқан. Бұл туралы “Не молчи” қоры мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

«2026 жылдың 28 сәуірі таңғы сағат 09:00. Бейнежазбада 8 жастағы қыздың үйіне қайтып келе жатқаны көрінеді. Осы кезде 56 жастағы ер адам оны тоқтатып, өзімен бірге алып кетеді. Одан кейінгі жағдайдың бәрі камераға түсіп қалған.

Кадрларда қыздың абдырап, қатып қалғаны байқалады. Ер адамның оған қолын тигізіп, сүйіп, түрлі жерлерінен ұстап жатқанын көруге болады. Ол қызды өз үйіне ертіп апаруға тырысқан, тәтті алуға ақша беремін деп үгіттеген. Бір сәтте қыз қашып құтылып кетеді. Осыдан кейін анасы полицияға арыз жазған.

Алайда бес күннен кейін, 3 маусым күні кешке қыздың анасына күтпеген жерден сот отырысына дереу қосылу қажеттігі хабарланған. Ол онлайн қосылғанымен, жанында адвокат болмаған. Сот процесіне қатысушыларды да танымайтынын айтады. Оның сөзінше, пікірін ешкім тыңдамаған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты істі қарап, ер адамды босатқан. Бұл қалай болғаны қоғамда сұрақ туғызды

Жәбірленуші тараптың айтуынша, сот отырысында оқиға бейнеленген видеолар мүлде көрсетілмеген», - деп жазды қор.