5 млн теңге пара: «Охотзоопром» филиалының басшысы қылмыс үстінде ұсталды

5 млн теңге пара: «Охотзоопром» филиалының басшысы қылмыс үстінде ұсталды
zaki_consulting парақшасынан

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері бес миллион теңге көлемінде пара алу кезінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Қожахметовті ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

 Бұл туралы құқық қорғаушы Бауыржан Зәки өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

«Мой ГОРОД» басылымының алдын ала мәліметі бойынша, филиал басшысы кәсіпкерден Батыс Қазақстан облысында ақбөкен аулауға рұқсат бергені үшін бес миллион теңге талап еткен.

Құқық қорғаушының мәліметінше, 48 жастағы Арман Қожахметов 2020 жылдан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалын басқарып келген.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.