33 жыл мал баққан жылқышыға 1 млн теңге мен жылқы тарту етілді (ВИДЕО)

33 жыл мал баққан  жылқышыға 1 млн теңге мен жылқы тарту етілді (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

100 жылқыны жымқырды деп 7 жылға сотталған Рахат Сәрсенов ақталып шықты. Оған халық жылқы атап, қаржылай көмектесіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Ақтөбе облыстық соты 60 жастағы жылқышы Рахат Сәрсеновке қатысты шығарылған үкімді қайта қарап, оны сот залынан босатты. Рахат Сәрсенов 1994 жылдан бері бір қожалықтың жылқысын бағып келген. Жылдар бойы мал соңында жүріп, ауыр еңбек еткен ол инсульт алып, ауруханаға түскен кезде үстінен арыз түсіп, қамауға алынған.

Кеше ғана жылқышы кәсіпкердің арқасында баспаналы болды. 

Сонымен қатар асаба Сабыржан да 10 жылқы атап, қарияны қуантты. 

Айта кетейік,  Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен арнайы кездесіп, қоғамда қызу талқыланып жүрген мәселелерге қатысты көлемді сұхбат жазғанын мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, сұхбат барысында Рахат Сәрсеновтің ұзақ жылдар бойғы еңбек жолы, жұмыс берушімен арадағы қарым-қатынасы, сондай-ақ соңғы уақытта қоғам назарын аударған оқиғалар жан-жақты сөз болған.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, әңгіме соңында ол Тәжіғали Елеуовке ел азаматтарының қолдауының арқасында Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болғанын жеткізген. Алайда кәсіпкер бұл сөзге күтпеген жауап қайтарып, жұртшылықтың назарын аударған мәлімдеме жасаған.

«Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді», – дейді Руслан Өтепбай.