33 жыл мал бағып соттала жаздаған қария сұхбат берді (ВИДЕО)

33 жыл мал бағып соттала жаздаған қария сұхбат берді (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Рахат Сарсенов есімді жылқышы журналист Руслан Өтепбайды көріп көз жасына ерік берді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы журналист әлеуметтік парақшасында айтты. Қарияның денсаулығы сыр берген екен. 2025 жылы инсульт алыпты. Осы денсаулығымен 2 ай 2 күн изоляторға отырып шыққан. 

«Ең ауыры- 60 жасымды түрмеде қарсы алдым»,- дейді ол. 33 жылын жылқы бағуға арнаған азаматқа тағылған айыптың қаншалықты негізді болғанын анықтау үшін журналистік зерттеуімізді бастадық», - деді журналист. 

Қарияның сөзінше, 14 жылқыдан 1700 жылқыға дейін мал санын өсірген екен. 

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық соты 60 жастағы жылқышы Рахат Сәрсеновке қатысты шығарылған үкімді қайта қарап, оны сот залынан босатты. 

Бұған дейін ол қожалық иесінің арызынан кейін 100 жылқыны жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мойнына шамамен 30 миллион теңге шығын ілінген болатын. Алайда апелляциялық сотта ұсынылған қосымша дәлелдер нәтижесінде бір ғана жылқының жоғалғаны анықталды.

Апелляциялық сот отырысы эмоцияға толы өтті. Өмірінің 33 жылын жылқы бағуға арнаған Рахат Сәрсенов үкім өзгергеннен кейін сот залынан бостандыққа шықты. Денсаулығы сыр берген азамат сот барысында сөйлей алмай, көз жасына ерік берді. Оның инсульттен кейін бір қолы мен бір аяғы толық жұмыс істемей қалған, сөйлеуі де қиындаған.