300-ден астам орама мен бес жасырын қойма: Алматыда есірткі таратушы қолға түсті

300-ден астам орама мен бес жасырын қойма: Алматыда есірткі таратушы қолға түсті
Видеодан скриншот

Алматыда синтетикалық есірткіні сақтап, таратты деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Одан және жасырын қоймалардан жүздеген есірткі орамасы тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Арнайы операцияны Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Күдіктіні жеке тінту кезінде бірнеше ондаған орама табылса, оның автокөлігін тексеру барысында дәл осындай жүзден астам орама тәркіленген. Сондай-ақ тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде сараптамаға жіберілген белгісіз заттар, электронды таразы, қаптама материалдары және есірткіні бөлшектеп орауға арналған құралдар анықталған.

Тергеу барысында полиция Алматы қаласының аумағынан бес жасырын қойманы тауып, олардан тағы 300-ден астам ораманы тәркіледі. Барлық заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары тәркіленген заттардың нақты құрамын, жеткізу арналары мен күдіктінің қылмыстық әрекеттегі ықтимал рөлін анықтап жатыр.