30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады

30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады

Бүкіл еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының тапсырма бойынша коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге қатысты жаңалықпен бөліскім келеді. 4 сәуірде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойдым. Сол күні ол Әділет министрлігінде тіркелді. Бұйрықта барлық тәуекел тобы, төлем мөлшері мен тізімді қалыптастыру тәртібі айқындалған», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, еліміздің өңірлерінде де тиісті комиссия жасақталып, медицина қызметкерлерінің аты-жөндері бойынша тізім құрылған. 

«Бүгін-ақ біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы барлық өңірге медициналық ұйымдардың есепшотына қаржы аудардық. Медицина ұйымдарының басшылары 1-2 тәуекел тобындағыларға қаражат аударуды бастайды. Ал апта соңына дейін барлық қалған медицина қызметкерлеріне аударылады. Қорытындысында 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады», - деді Елжан Біртанов.